Жалағашта «Менің туған өлкем» акциясы өтті

303

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына орай «Ақтерек» сауықтыру лагерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 300 тал көшеті егілді.

Акцияға аудан әкімі Ардақ Ибраимов пен облыстық аналар кеңесінің төрайымы Райкүл Мансүрқызы бастаған Жалағаштан шыққан Қызылорда қаласында тұратын азаматшаларымыз қатысты. Шара барысында 100 дана ясин ағашы, 100 дана терек, 100 дана жеміс ағаштары отырғызылды.

Айта кетейік «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясына орай кент және ауылдық округтерде 6 сәуірден бастап санитарлық тазарту, көгалдандыру, тал егу акциясы қарқынды жүргізілуде.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<