Жаман ойдан қалай арыламыз?

371

0

 
Адам өмір бойы өз өзімен күресіп өтеді. Біресе былай ойласа, бір кезде басқаша ойлайды. Сондайда санасына жаман ойлар ұялап, арыла алмай қоятын кездер болады. Оның соңы жақсылыққа апармайды тіпті ауруға ұшыратуы мүмкін. Одан қалай арыламыз?
 Ең алдымен жаман ой туған бойда оны миыңыздан шығарып тастаңыз. Мұны дереу орындау керек. Онымен санасып, саралап, қорғап, ойланып жатудың қажеті жоқ, жаман ой екені белгілі, бірден құтылыңыз. Егер сіз оны сезінсеңіз, ол сізді басқара бастайды. Оны ары қарай ойыңызбен ұлғайтып жіберіңіз, егер бұл ойдан тура қазір арылмасам, деп қиялыңызбен қара аспанды төндіріп қойыңыз. Соңының салдары қандай болатынын елестеткенде жаман ой өзі-ақ кетіп қалады. Келген ойды қарама қарсы мағынада ойлаңыз. Егер мына жерден құлап қалсам ще деген ой сап кете қалса, дереу жоқ құламаймын, міндетті түрде өтіп кетемін деп ойлаңыз. Бұл қолымнан келмейді десеңіз, бірден өзіңізді көндіріп, қолымнан келеді, қолымнан келеді, мұны менен жақсы істейтін адам жоқ деп қарама қарсы жақсы ойларға орын беріңіз. Аталған әдістердің бәрін бірдей не біреуін қолданам десеңіз де еркіңіз. Сыннан өткізіп көріңіз.
Массагет.кз сайтынан\\

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<