Жаңбыр, қар, үсік: Сәрсенбіге күн райы болжамы

323

0

Сурет ашық дереккөзден

Сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында – 1-3 градус, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталып отыр.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<