Жапония Қытай тауарларын пайдаланудан бас тартуда

248

0

Жапония кибер қауіпсіздік мәселесін мықтап қолға алмақ. Жуырда бұл ел Қытайда жасалған Huawei Technologies пен ZTE телекомуникациялық жабдықтарын сатып алуға тыйым салды. Оған Пекиннен кибер тыңшылық жасалды деген күдік себеп болып отыр. 
Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мәселе бойынша нақты шешім желтоқсанның 10-ы қабылданады. Сатып алуға тыйым салынған тауарлардың тізімінге Қытай бөлшектерін қолданған кейбір жапон компаниялары да кіруі мүмкін. Елдің министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суганың айтуынша, қазір Жапония билігі АҚШ-пен түрлі сала бойынша тығыз байланыс орнатпақ ниетте. Оның ішінде кибер қауіпсіздік мәселесі басты назарда.  
 Ёсихидэ Суга, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы: – Елдің әр министрлігі кибер қауіпсіздік орталығымен тығыз байланыста. Жапония билігі мәселені жан-жақты зерттеп, тиісті шараны қолға алады. Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп қауіптің алдын алу үшін Ақ үй мен басқа да мемлекеттік мекеменің ішінде Қытай тауарларын қолдануға тыйым салған болатын. Айтуынша, мемлекеттік құпия аспан асты еліне жетуі әбден мүмкін. Мемлекет басшысының бұл кеңесіне Австралия мен Жаңа Зеландия үкіметі де құлақ асып, 5G -желісінің құрылысына Қытай тауарларын пайдаланудан бас тартты.

24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<