ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙДЫ

320

0

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Жылдың үздік кәсіпкері» атты байқауды жариялайды.

Байқау мақсаты- Бағдарлама бойынша қаржылай емес қолдаудың бір немесе бірнеше құралын пайдаланған 16-29 жас аралығындағы кәсіпкерлерді – Қазақстан Республикасының резиденттерін ынталандыру. Бірінші орынның жүлде қоры – 1 миллион теңге.

Байқау жұмыстарында Бағдарлама артықшылықтары мен Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алудың оң әсері, сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттері нарықтарында қазақстандық кәсіпкерліктің дамуы көрініс табуы керек.

Байқау жұмыстары презентация форматында, оның түрлі түсте басылған нұсқасымен қоса электронды түрде қабылданады, сондай-ақ көрнекілік материалдарды (бейне роликтер, буклеттер, кітапшалар және т.б.) қоса беруге болады:

– Презентациялар Microsoft Power Point, PDF форматы және қағаз түрінде беріледі;

– Бейне материалдар көлемі 1280 х 720 рix-тен кем емес DVD форматында беріледі;

– Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалында немесе жүктеп алу сілтемесі арқылы беруге рұқсат етілген;

Байқау тақырыптамасы, көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ беру мерзімі аяқталғанда келіп түскен Байқау жұмыстары Байқауға қатыспайды.

Байқау жұмыстары 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000 Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, 2642-каб. немесе pr@atameken.kz поштасына элеткронды өтінім жіберу керек.

Байқау жұмыстарын қарау екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі шеңберінде барлық жұмыстарды Байқау комиссиясы мүшелері қарайды және финалдық кезеңі шеңберінде іріктеу кезеңі нәтижесінде алынған Байқау жұмыстары қаралады (жеңіс номинанттары).

Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2018 жылдың 27 қыркүйегінде өтеді, сонымен қатар ресми қорытынды «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсында – www.atameken.kz жарияланатын болады.

Сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлерге арнап жас кәсіпкерлерді анықтау мен қолдау, сонымен қатар «Бизнетің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер қызметінің сәтті үлгілерін насихаттау мақсатында көрме өткізу туралы бастама көтерді.

Көрмеге 16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер қатыса алады. Көрмелерге ақпараттық және қолданыс аумағы көрсетілген түсіндірме материалдармен қатар жүретін жеке және топтасып дайындалған жобалар, макеттер, дайын өнім және басқа әзірлемелер қатысуға жіберіледі. Айта кетейік, жүлделі орындарға номинаттарды анықтайтын арнайы Сарапшылық кеңес құрылады. Бірінші орынның жүлде қоры – 600 мың теңге.

Көрме жұмыстарын бағалауда Сарапшылық кеңес келесі критерийлерді басшылыққа алады:

– жобаның инновациялығы;

-жобаның тиімділіг;

– қоғамға пайдасы;

– жобаны қолданудың жеңілдігі

Қатысу үшін өтінімді толтырып, оны ұймдастырушы комитеттің электронды мекенжайына – pr@atameken.kz жолдау керек. 010000 Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, 2642-каб.

Өтінімдер мен жұмыстар 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Презентациялар Microsoft Power Point, PDF форматы және қағаз түрінде беріледі, бейне материалдар көлемі 1280 х 720 рix-тен кем емес DVD форматында беріледі, көрме жұмыстарын USB (flash) тасымалында немесе жүктеп алу сілтемесі арқылы беруге рұқсат етілген.

Ресми қорытынды мен көрменің өзі 2018 жылдың 27 қыркүйегінде өтіп, ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсында – www.atameken.kzжарияланатын болады.

Толық ақпарат: «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті +7 (7172) 91 93 67, пошта: pr@atameken.kz

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауы туралы ЕРЕЖЕ

ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жастар жобаларының көрмелері туралыЕРЕЖЕ

ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

http://atameken.kz/kk/news/30496-molodye-predprinimateli-poboryutsya-za-zvanie-luchshego

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<