ЖАС ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

367

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жас отбасылар арасында «Жас отау» облыстық байқауы өтті. Маңызды шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен ҰҚК шекара қызметі 2019 әскери бөлімі бірігіп ұйымдастырды.

Төрт кезеңнен тұратын байқауда  қатысушылар тек ән-жыр айтумен шектеліп қалған жоқ. Салт-дәстүрмен сабақтасқан сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көріністерді көрермен назарына ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, ата-бабадан мирас болып қалған мәдени мұраны жеткіншектердің зердесіне сіңіре білді. Топтан дара шығып, жиналған қауымның алғысына бөленгендердің қатарынан Наурызбаевтар отбасы табылды. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған Арман мен Салтанаттың мұндай байқауға алғаш қатысуы екен. Олар бұл бастаманың балалар үшін берері мол екенін алға тартады. Ұйымдастырушылар да отбасы – ең қымбат қазына, өмірдің өзегі екендігін, мұндай тағылымды шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналып келе жатқанын айтуда.

Мөлдір Қалымбет,

Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<