Шаңырақ көтеріп жатқан ақтөбелік жастар қаладағы «Үміт» сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz сайты.
Той болатын күні күндізгі серуеннің орнына олар қайырымдылықпен айналысуды жөн көрген. Жас жұбайлар сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады.
«Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып, бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық», – дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<