И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Кәусар»мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Еліміздің қорғаны – жалынды жастар» атты жастар флэшмобын ұйымдастырды.
Шараның көздегені – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу. Шара барысында студент жастар көңілді әуенге би билеп, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетті.