ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ

234

0

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  ғылыми-әмбебап кітапханасында  облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастырған «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Оған 16-22 жас аралығындағы 20 талапкер қатысты. 

Жастардың шығармашылығын арттыру, оларға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру шараның басты мақсаты болды.

Байқау шарты бойынша жастар әуелі қазақтың белгілі ақын­дарының шығармаларынан үзінді, екінші кезеңде өздерінің тәуел­сіздікке арнаған өлеңдерін оқыды.

Талапкерлер өнерін ақын, педагогика ғылымдарының докторы Рахат Наурызбаева бастаған қазылар алқасы бағалады. Сарапшылар үміткерлердің өлеңді таңдау тал­ғамына, сөз қолданысына, ұйқа­сына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, оқу шеберлігі мен сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды М.Мәметова атындағы Қызыл­орда педагогикалық жоғары кол­­леджінің 4 курс студенті Бек­арыс Назар, екінші орынды Ақниет Өмірзақ жеңіп алды. Шиелі ауданындағы М.Шоқай атындағы №41 мектептің 11 сынып оқушысы Бақытжан Өтегенов 3 орынды еншіледі. Сонымен бірге бірқатар жас ақындарға ынталандыру  сыйлығы табыс етілді. 

Жеңімпаздар арнайы диплом   жә­не  ескерткіш сыйлықтармен мара­патталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<