
Ата-ана Алтынай Жарылқасынова мен тәрбиеші Гүлнәз Назарбайқызы қыздарға түрлі формада кесілген әртүрлі жемістерді сәндеп тураудың және безендірудің қыр-сырын үйретті. Әр түрлі пішінде кесілген алма мен алмұрттан дайындалған ерекше композиция, сонымен қатар оқушылар жасаған грейпфруттан гүл, бананнан дельфин, ананастан қайықша жасау арқылы карвинг технологиясын меңгерді. Жатақхананың барлық оқушылары екінші түскі ас уақытында сәнді жеміс-жидектердің тіл үйірерлік дәмінен ауыз тиді. Аталған шараға оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары болды. Өмірге бейімдеу сабақтары тәжірибе жүзінде қалып қоймайтыны анық. Осы ретте оқушылар өз қолдарымен мерекелік дастархан әзірлеуге мүмкіндік алды.
Алдағы уақытта қыз балалар мен ер балалар ерекшеліктерін ескере отырып, өмірлік дағдыларға бейімдеу жұмыстары әр сенбі сайын жатақхана оқушыларымен ата –аналары арасында бірлесіп өткізілетін болады.
Гүлзина Баймұрзаева,
Жатақхана тәрбиешісі
Жатақхана тәрбиешісі