
Жалпы, форумның мақсаты – мемлекеттің үшінші сектормен өзара қарым-қатынасын «қайта жүктеу» және үкіметтік емес ұйымдардың бизнес құрылыммен ашық диалогін дамыту болып табылады. Сондай-ақ, Форумда орта мерзімді кезеңдегі Азаматтық қоғамның дамуы тұжырымдамасының жобасын таныстыру болып табылады.

Форум шеңберінде диалог, пікірталас және сарапшылық алаңдары, орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен салалық кездесулер, оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды.
Айта кету керек, форумда Қызылорда облысынан мемлекеттік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік премия «Жетім балаларға, көп балалы отбасыларының балаларына көрсеткен көмек үшін», Мемлекеттік емес ұйымдардың «Таным» республикалық – қоғамдық премиясына 2 ҮЕҰ ие болды. Ол «Бала біздің болашағымыз» номинациясының иегері – «Ұмай» қайырымдылық үйі. Және «Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан» номинациясының иегері – «Q-MED»корпоративтік қоры. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының лауреаты «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» номинациясының иегері – «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы қоғамдық қоры. Сондай-ақ, «Ұмай» қайырымдылық қоры тағы да мемлекеттік премияның иегері атанды.