Жобалық кеңсенің жұмысы жүйелі

242

0

Қармақшы ауданының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың қатысуымен кездесу өтті. Маңызды жиынның басты мақсаты – аймақта өткен жылы ашылған «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстыру.

Берікбол Ұзақұлы кездесуде жемқорлықты жоюға бағытталған жобалық кеңсе аз уақытта сан түрлі салада ауқымды тексеріс жүргізіп, қажетті шараларды қолға алуға мүмкіндік бергенін айтты. Қазір оның құрамына мемлекеттік қызметкерлермен қатар, қоғамдық ұйым өкілдері де енгізілгенін хабарлап, жоба аясында азаматтардың күнделікті тыныс тіршілігімен тығыз байланыста болатын 10 салалық бағыт айқындап алынғанын алға тартты. Сонымен қатар шара барысында Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тұрымтаев пен департаменттің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Қайрат Қамзаев тақырыпты тарқатып, сала қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға  жауап берді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<