Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі беріледі

446

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесу барысында Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі беру ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді», деді Президент.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Бейсен Құранбектің табысты еңбегін ерекше атап өтті.

«Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын», деді Қазақстан Президенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<