Жыл сайын 80 әйел отбасындағы зомбылықтан көз жұмады – Бас прокуратура

383

0

Фото: Kazinform

Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен бет-бет келетін әйелдердің ресми статистикасын атады, деп хабарлайды Kazinform.

«Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кем дегенде 80 әйел көз жұмады. 150 әйел ауыр жарақат алса, 200 әйел орта дәрежедегі, 4 мыңнан астам әйел жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 шағым түседі. Оның ішінде бала мен әйелді сабау, мүгедектікке душар ету, тіпті кісі өлтіру фактілері бар», – деді ол Бас прокуратураның Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында.

М.Әбішевтің сөзінше елдегі әрбір үшінші әйел отбасында зорлық-зомбылыққа тап келеді.

«2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Дегенмен бұл сандар шынайы жағдайдың көрінісі бола алмайды. Отбасындағы жанжалдың көбі жабулы қазан күйінде, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік жұмысшылардың назарынан тыс қалады. Тіпті жүйелі түрде сабап, қорқытып, психологиялық зомбылық жасау жағдайлары да жасырын қалады. Сарапшылардың жүргізген есебі бойынша, елдегі әрбір үшінші әйел осындай қарым-қатынаспен бетпе-бет келеді», – деді министрдің орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<