Жылдың үздік боксшысы анықталды

207

0

Қазақстан бокс федерациясы 2018 жылдың үздік боксшыларын марапаттады. Конфедерация кубогінің финалдық бәсекесінде ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар назардан тыс қалған жоқ. 
 2018 жылдың үздік боксшысы атағын Теміртас Жүсіпов жеңіп алды. Еліміздің бес дүркін чемпионы әрі Президент кубогінің жеңімпазы биылғы жылдың үздік бокшысы атанды.  Үздік жас боксшы атағын ағайынды Айбек және Нұрбек Оралбайлар жеңіп алды. Айбек жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанса, Нұрбек – жастар арасындағы әлем чемпионы.
 Қыздар арасында еліміздің үздік спортшылары атағын жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец пен Азия және әлем чемпионы Дина Исламбек иеленді.  Үздік бапкер атағы жастар құрамасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебаев пен ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаевқа бұйырды.  Жылдың үздік аймақтық федерациясы атағын Астана қалалық бокс федерациясы иеленді.  Сондай-ақ Қазақстан боксының дамуына үлес қосқан ардагерлер мен төрешілер алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<