Армения ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады

187

0

Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады. Мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.

Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ айма­ғындағы сенімді серіктесі ретінде атады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай­туынша, бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы көптеген бағыт бо­йынша жоспарға сай дамып ке­леді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-эко­номикалық және мәдени-гума­нитар­лық байланыстар ықпал етіп отыр.

Ален Симонян қонақжайлық та­нытқаны үшін Мемлекет бас­шысына және Қазақстан хал­қына шынайы ықы­­ласын жет­кізді. Ол екіжақты диалог­тың бас­ты тетіктерінің бірі ретінде пар­ламентаралық ықпал­дас­тықты нығайту мен сенімді саяси серік­тестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Ұлттық жиналыс төрағасы Армения Республикасының Қазақстанмен экономикалық байла­ныстарды жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға ықпал ететін нақты шараларды қолға алу керек.

Армян тарапы орайлы сәтті пайдалана отырып, Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ален Симонян екі елдің әл-ауқаты мен өрлеуі жолында қазақ-армян қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады.