Кезекті сенбілікке  120 мыңнан астам адам шықты

187

0

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жалпы сенбілік жалғасуда. Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына облыс, аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.

Жалпы сенбілікке 120 мыңнан астам адам – еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюд­жет саласының, түрлі мекемелердің қыз­меткерлері жұмылды. Тазалық шара­ларынан соң 3 900 тоннадан астам тұр­мыс­тық қалдық арнайы орындарға шығарылды.

Саябақтар мен скверлер, тарихи-мәдени ес­керткіштердің, әлеуметтік,  өндірістік және кә­сіпкерлік нысандарының маңайы, сондай-ақ су көздері мен көше бойы тазаланды. Бұл жұ­мыс­тарға 900-ден астам арнайы техника тартылды.

Жыл басынан бері облыс аумағына өңірдің климатына бейімделген 92 890 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде қарағаш, терек және  Сыр талы бар.

Экологиялық акция аясындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Өңірде бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі