Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

649

0

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстар «AMANAT» Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің Жалағаш ауданындағы көшпелі отырыста талқыланды.

Жиында облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев  партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында қоғамдық кеңестің атқарып отырған жұмыстары жайында атап өттіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу сонымен қатар кеңес жұмысын жітілдіру мақсатында ой бөлісті.

Отырысқа аудандық партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері мен партия белсенділері, мәслихат депутаттары қатысып, Мемлекет басшысы мен партия Төрағасының осы мақсатта алға қойып отырған ортақ мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асырытындықтарын жеткізді.

Кездесу барысында аудандық Сайлауалды бағдарламаның орындалуы да сөз болып, оларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<