Құлсарыда санитарлық тазарту басталды

223

0

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр: кейінгі тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір 2 564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.

«Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2716 өтініш қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді. Сондай-ақ Құлсарының 3600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Су кеткен аумақта дезинфекциялық жұмыстар, сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Соңғы тәулікте 975 тонна қоқыс шығарылды», – деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингіде.

Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары 100% аяқталды, Атырау қаласында жалғасып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<