Илья Ильин спорттық мансапта оған үлкен жетістіктерге жетуге кедергі болған мәселені айтты

340

0

Сурет: Instagram/ilyailyinforever

Қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин жас спортшылардың үлкен биіктерге жетуі үшін не қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Instagram-да бейнежазба жариялап, спорттағы және жалпы өмірдегі тәртіптің қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты.

Бейнеде 2008 жылы Бейжің Олимпиадасындағы жеңісін есіне алды. Ол кезде жартылай кәсіпқой және өзінің алғашқы жеңісіне бара жатқан жас жігіт екенін атап өтті. Сол сәтте оған тәртіптің жетіспегенін де ағынан жарыла айтты.

Танымал спортшы бүгінде әлеуметтік желіде белсенді. Мәселен, күні кеше Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтап, жұбайымен бірге спортзалдағы жаттығуын көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<