Дүние дүрмек

424

0

Пандемия ақыл-ой қабілетіне қалай әсер етті?

Ұлыбританияда COVID-19 пандемиясы 50 жас пен одан асқан адамдардың ақыл-ой қабілетіне әсер еткені анықталды.

Сарапшылардың пікірінше, ақыл-ой қабілеті төмендеуінің кейбіріне күйзеліс, жалғыздық пен ішімдік ішу себеп болуы мүмкін. Олардың айтуынша, коронавирустан туындаған қорқыныш, мазасыздық, сенімсіздік пен күн тәртібі бұзылуының адам миына әсері болған.

Сондай-ақ зерттеу когнитивті қызметтің төмендеу қарқыны пандемияның алғашқы жылы, карантин шектеулері енгізілген кезде күшейгенін анықтады. Адамдардың есте сақтау қабілетінің нашарлауы пандемияның екінші жылы да жалғаса берген. Бұрын есте сақтау қабілетіне байланысты білінер-білінбес мәселелер болса, пандемия кезінде ушығып кеткен.

Брайтон және Сассекс медицина мектебінің деменция бойынша сарапшысы, дәрігер Дорина Кадар тұрғындарға пандемияның жалпы әсері  туралы айтты. Ол қосымша зерттеу жүргізуді ұсынды. Өкінішке қарай, қазір деменцияның алдын алатын сенімді тәсіл жоқ, бірақ үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, жүректің саулығын бақылап жүру қажет.

Кең қолданылған сөз

Collins сөздігі 2023 жылы кең қолданылған сөз ретінде AI (artificial intellect – жасанды интеллект) аббревиатурасын таңдады.

«Осы жылы басты назарда жасанды интеллект және оның қалай дамығаны, біздің өмірімізге электронды пошта, стриминг немесе кез келген басқа футуристік және күнделікті технология сияқты енгені болды» деді Collins Dictionary басқарушы директоры Алекс Бикрофт.

Сөздік құрастырушылары жыл сөзі 20 миллиардтан астам сөзден тұратын Collins Corpus дерекқорын талдау нәтижесінде таңдалғанын хабарлайды. Онда әлемдегі веб-сайттарда, газеттерде, журналдарда және кітаптарда жарияланған материалдардан, сондай-ақ радио, теледидар арқылы таратылған хабарлар мен күнделікті әңгімелерде қолданылған сөздер қамтылған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<