Жалағаш ауданы бойынша 293 оқушы грант иегері атанды

11

0

Фото: Жалағаш ауданы

2023-2024 оқу жылында Жалағаш ауданы бойынша 420 түлек орта білім беру ұйымын тәмамдады.

Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 420 түлектен 358-сі мемлекеттік грант конкурсына қатысуға өтініш білдірген. Оның ішінде 293-сі грант иегері атанды.

Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға гранттар алынған. Аудан бойынша мемлекеттік грант иеленген 293 түлектің басым бөлігі педагогикалық және техникалық мамандықтарды таңдаған.

Атап айтқанда, 129 талапкер педагогикалық, 22 талапкер медициналық бағытқа, 66 түлек техникалық және 32 түлек ауылшаруашылығы мамандықтарына оқуға түсті. Сонымен қатар 44 түлек басқа да бағыттағы мамандықтар бойынша жоғары білім алатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<