Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, қаза тапты

194

0

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі ұялы телефонын әжетханаға түсіріп алып, оны алып шығуға тырысқанын жазып жатыр. Ал екінші ер адам біріншісін құтқарғысы келген.

«Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз», – деп хабарлады РЖҚЖ баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<