Нора Джеруто: Финалда өзімді көрсетемін

115

0

Сурет: olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасының финалына шыққан Нора Джеруто өзінің бүгінгі нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан финалда Қазақстан намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Өзімнің жеке рекордымды орнатқаным да қуантады. Финалда мен өзімді көрсетемін әлі. Көп нәрсе күтемін.

Менің Қазақстанға алғысым шексіз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Менің бір жасар балам бар. Бірақ маған декреттік демалыстан оралу қиын болған жоқ, себебі, мен үнемі өзімді бабымда ұстаймын.

Іріктеу кезінде эфиопиялық және америкалық атлеттермен жарысу қиын болды. Оларды басып озу оңай емес. Бірақ финалда аянып қалмаймын», – деді Джеруто.

Айта кетейік, Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд.

Бұл – Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<