Жазба ақындар өлең-жырдан шашу шашты

73

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Есет батыр ауылында Жалағаш ауданының 85 жылдығына арналған Социалистік Еңбек Ері және Ұлы Отан соғысының ардагері Несіпбай Әпірезовке 115 жыл толуына орай «Еңбек ер атандырады» атты облыстық жазба ақындар жыр-мүшайрасы өтті.

Еңбек ерін ұлықтаған рухани кешті аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ашып, ақ күріштен тау тұрғызған Несіпбай Әпірезовтің ерен еңбегін атап өтті.

«Алдыңғы толқын әкелеріміздің өмір жолына көз салсаңыз біздің еліміздің тарихындағы олардың алар орны ерекше екенін білесіз. Кешегі кеңестік дәуір деп аталатын кезеңде ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, аймақ халқының әл-ауқатының нығаюына, ауыл шаруашылығының өркендеуіне зор үлес қосты. Ауыл шаруашылығының көрнекті қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Несіпбай Әпірезов осындай тұлғалардың бірі, бірегейі. Сонау бір жылдары Жалағаш ауданы «Күріш фабрикасы» аталса осы Несіпбай Әпірезов сынды ерлердің тынымсыз, жанкешті еңбегінің арқасы десек қателеспейміз. Несіпбай Әпірезовтің 115 жылдығына байланысты өтіп жатқан бұл шараның тәрбиелік маңызы зор. Жыр-мүшайраға келген барша ақындарға сәттілік тілеймін! Ұшқыр ойларыңыз бен шалқар шабыттарыңыз таси берсін!», – деді аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов.

Социалистік Еңбек Ері Несіпбай Әпірезовтің 115 жылдығына арналған облыстық жыр-мүшайраға барлығы 9 ақын қатысты. Тартысты өткен жыр бәйгеге ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер-қаламгер Серік Бертаев, Жалағаш аудандық қа зақ тілі қоғамының төрағасы Дина Нұржанқызы. ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуат Адис әділ қазылық етіп, ақындардың өлеңіне баға берді.

Қазылардың шешімімен жүлделі ІІІ орынды Есет батыр ауылының тумасы Еркебұлан Отар, Шиелі ауданынан келген Бекжан Ержігіт өзара бөліссе, ІІ орын сырдариялық Ақерке Балманованың еншісіне тиді. Жалағаштық Жасұлан Серік І орын иегері болса, Қызылорда қаласынан келген Бексұлтан Санақұл бас жүлдені еншілеп, мүшәйра жеңімпазы атанды. Сонымен бірге Қармақшы ауданының ақыны Сағынай Бегалиева арнайы жүлдемен, қалған ақындар Алғыс хаттармен мапаратталды.

Жүлдегерлерге арнайы марапатпен қоса, қаржылай сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<