Жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты

203

0

Фото. сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейге барып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Аудан басшысы білім ошағындағы кабинеттерді, кітапхана, акт залын, спорт залы мен асхананы аралап көрді. Сонымен қатар, мектептің жылыту қазандықтарын да көріп, барлығы жаңа оқу жылына дайын болу керектігін атап өтті. Жаңа оқу жылын оқушылар жаңа леппен қарсы алуда еш кедергі болмау керектігін ескертті.

Бүгінде ауданда білім ошақтары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа оқу жылына дайын. Биыл Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектепте балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған.

Айта кетейік, ауданда 2024-2025 оқу жылында 8280 оқушы оқиды, оның ішінде 1 сыныпқа 790 қабылданады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<