«Біз қасыңыздамыз, бізден сұраңыз»

3

0

Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Ол тек отбасының ішкі мәселесі емес, адамның конституциялық құқығы мен бостандығына қол сұғатын құқықбұзушылық. Сондықтан мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған жол берген адамдарды заң аясында жауапкершілікке тартуға ерекше назар аударады.

Қазақстан Республикасы Конс­титу­циясының 17-бабы­на сәйкес, адамның қадір-қа­сие­­тіне қол сұғылмайды жә­не еш­кімді азаптауға, оған зор­лық-зом­бы­лық көрсетуге немесе адамдық қадір-қасиетін қор­лайтындай жәбір көрсетуге бол­майды. Ал 27-бапқа сәйкес отбасы, ана, әке және бала мем­лекеттің қор­ға­уында болады.

Қазақстан Республика­сы­ның «Тұр­мыстық зорлық-зом­былық­тың профи­лактикасы ту­ралы» Заңына сәйкес по­­ли­ция орган­дары тұрмыстық зор­лық-зом­бы­лықтың алдын алу, қорғау нұс­­қамасын шығару, құқық бұ­зу­шының мі­­нез-құл­қына ерек­ше талаптар бел­гілеу және жәбір­ле­нушінің қауіп­сіз­дігін қамта­масыз ету шараларын қабыл­дай­ды.

Егер отбасы-тұрмыстық қа­тынастар аясында қорлау, кем­сіту, балағаттау, тыныштық­ты бұзу немесе өзге де заңға қайшы әрекеттер жасалып, олардың құ­рамында қылмыстық құқықбұ­зушылық белгілері болма­са, кінәлі тұлға Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Әкімшілік құқық­бұ­зу­шы­лық туралы кодек­сінің 73-ба­бы бойынша жауапты­лыққа тартылады.

«Біз қасыңыздамыз, бізден сұраңыз»

Бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді орындамау немесе кәмелетке толмаған­дардың құ­қықтары мен заңды мүдде­лерін бұзу фактілері бойынша ата-аналар немесе заңды өкілдер Әкімшілік құ­қық­бұзушылық ту­­ралы кодекстің 127-бабына сәй­­кес жауаптылыққа тарты­лады.

Егер зорлық-зомбылық сал­дарынан адамның денсау­лы­ғына зиян келтірілсе, ұрып-соғу, азаптау немесе өзге де қыл­мыстық әрекет­тер жа­сал­са, кінәлі тұл­ға Қазақ­стан Рес­публикасы Қыл­­мыстық ко­дексінің 108-1-бабы (денсау­лыққа қа­сақана жеңіл зиян келтіру), 109-1-бабы (ұрып-со­ғу), сондай-ақ қылмыстың си­­патына қарай 106-бабы (ден­­саулыққа қа­сақана ауыр зиян келтіру), 107-бабы (ден­­саулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) және бас­қа да тиісті баптары бойынша қылмыстық жауап­тылыққа тартылады.

Балаларға қатысты кез келген зор­лық-зомбы­лыққа заң ерекше қатаң қа­райды. «Қа­зақ­стан Республикасын­дағы ба­ланың құ­қықтары ту­ралы» Заң­ның 10-ба­бына сәй­кес әрбір бала зор­лық-зом­бы­лықтың бар­лық тү­рінен қор­ғалуға құқылы. Кә­мелетке толма­ғандарға қа­тыс­ты жасалған қылмыстар үшін заң­намада қатаң жаза көз­делген.

Зорлық-зомбылық – үнсіз қалатын мәселе емес. Егер сіз тұрмыстық неме­се балаларға қатысты зорлық-зомбы­лық­тың куәсі болсаңыз не жәбірленуші болсаңыз, құқық қорғау органдарына дереу хабарласыңыз. Уақытылы қабыл­данған шара адам өмірі мен денсаулығын сақтап, ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Заң – бәріне ортақ. Зорлық-зомбы­лыққа төзбеушілік таны­ту – қауіпсіз қоғам қалыптас­тырудың басты кепілі.

Инабат ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ,

Қызылорда ҚПБ ҚҚб-нің аға инспекторы,

полиция майоры