«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

311

0

Фото: Қала әкімдігі

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Мерейлі отбасы-2024» байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен отбасыларды марапаттап, жерлестерін алдағы Конституция, Отбасы күні мерекелерімен құттықтады.

Ұлттық конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары Жарқынбек Әбілпейізовтің әулеті облыстық кезеңде екінші орын иеленді.

Тамыры тереңге таралған, қанаты кеңінен жайылған әулет Жарқынбековтер отбасы Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары. Отағасы Жарқынбек Әбілпейізов 1951 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1971 жылдан бастап егін шаруашылығымен айналысып, зейнеткерлікке шыққан. Отанасы Тіллә Ибрагимова 1954 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ауылда егін шаруашылығымен айналысып, зейнеткерлікке шыққан. Құтты шаңырақтан 11 бала тәрбиеленіп шыққан, 56 немере, 14 шөбере, 2 шөпшек сүйіп, отбасының ұйытқысы болып отырған бақытты ата мен әже.

Сондай-ақ, Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Жайсаңбаевтар отбасы «Берекелі отбасы» номинация иегері атанды.

Айта кетсек, биылғы байқаудың қалалық кезеңіне 36 өтінім түсіп, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 6 отбасы іріктеліп алынды. 2 отбасының құжаттары облыстық кезеңге жолданған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<