Есірткі қылмысына қатысты кеңес отырысын өткізді

81

0

ҚМА бастамасымен қаржы құралдарының заңсыз есірткі айналымына тартылу тәуекелдерін азайту шараларын әзірлеу мақсатында қаржы реттеушілері, қаржы нарығы субъектілері және құқық қорғау органдарының қатысуымен кезекті комплаенс кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. 

Шара барысында ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов есірткі таралуы ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіптердің бірі екенін атап өтті. 

«Есірткі қылмыскерлері сауда әдістерін үнемі жетілдіріп, байланыссыз есеп айырысу тәсілдерін жиі қолдануда. Миллиардтаған қаражат заңсыз әрекеттің белгілерімен қаржы мекемелері арқылы өтіп жатыр», – деп атап өтті ол.

Кездесу барысында қатысушылар есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрестің маңыздылығын атап өтіп, еліміздегі есірткі саудасын бірлесе жоюға мүдделі екендіктерін білдірді. 

Биыл есірткі саудасынан 22 млрд теңге аударылған банктер мен төлем жүйелері (бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп) күдікті операцияларды мұқият тексеруді күшейтуге бағытталған. Егер заңсыздық расталса, олар сенімсіз клиенттермен қатынасты тоқтатып, қылмыскерлердің барлық қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуін бұғаттайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі саудасына қатысты 60 материалды анықтап, құқық қорғау органдарына жолдағанын атап өту қажет. Бұл іс-шаралар нәтижесінде шамамен 70 қатысушы ұсталып, 25 адам сотталып, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес шараларын жетілдіру және қылмыскерлердің жаңа әдістері мен схемаларын зерттеуге барынша қолдау көрсету бойынша бірқатар ұсыныстар талқылады.

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыруға қарсы күрес бойынша комплаенс кеңесін өткізді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<