Қылмыссыз өмір – кемел келешек кепілі

58

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудандық әкімдікте «Қылмыссыз өңір – Кемел келешек кепілі» жобасының аясында кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан әкімінің м.а. Ш. Сыдықов, ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңес төрағалары, беделді ақсақалдар, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, кәсіпкерлік палатасының өкілі, депутаттар, ауыл (кент) әкімдері, әрбір елді мекендегі беделді тұлғалар, БАҚ өкілдері, көше комитетінің төрағалары, білім беру ұйымдарының, құқық қорғау және уәкілетті орган басшылары қатысты.

Шарада аудан прокуроры М.Маханбетжанов Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірімізде жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығы мен мақсатына, оның ерекшелігіне және күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстар мен міндеттерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, аудан көлемінде тіркелген қылмыстар оның ішінде, өскен қылмыс түрлері, алаяқтық, мал ұрлығы, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстар, есірткі қылмыстары, жол көлік оқиғалары, тағы басқа да қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған және атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Жобаны басты бағыты жалпы қылмыстылықпен күресу болса, оның ішінде қылмыстың басты себептері болып табылатын маскүнемдік (нашақорлық), жұмыссыздық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шараларға ерекше басымдық берілген.

Жиынға қатысқандар Жобамен танысып шығып, ардагер-ақсақалдар, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, депутаттар мен белсенді тұлғалар Жобаны толық қолдайтындарын, ондағы шараларды бірлесіп атқаруға дайын екендерін жеткізді.

Ал, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардан жоба бойынша құзыреттілік шегіндегі міндеттерді тиісті деңгейде атқару талап етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<