Шотландиялық жас жұбайлар Көшпенділер ойынына бал айын өткізуге келді

115

0

Фото: Айжан Серікжанқызы

Шотландиядан келген ерлі-зайыпты Силке Маес пен Киеран Шэннон некесін тойлаудың ерекше әдісін таңдады. Саяхатшы жас жұбайлар бал айын Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өткізуді ұйғарған, деп хабарлайды syrboyi.kz KAZINFORM сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар Қазақстанға 10 күн бұрын келген, бұл олардың Орталық Азияға алғашқы сапары.

«Біз Астанаға Шотландиядан ұшып келдік. Біз Қазақстанға билет брондағанда Көшпенділер ойындары туралы білдік және расымен де баруымыз керек деп ойладық. Бұған дейін Көшпенділер ойындары туралы естіген емеспіз, – дейді Силке Майес.

Силке мен Киеран Астана маңындағы Бурабайға барып үлгерді.

«Шынымды айтсам, бұл сапарға дейін Қазақстан туралы ештеңе білмедім. Мұнда Астана сияқты қалалар емес, дала көп болады деп ойладым. Біз адамдарға, сәулет өнеріне, табиғатқа және Қазақстандағы барлық нәрсеге таң қалдық», – дейді олар.

Журналистік аккредитация арқылы ерлі-зайыптылар барлық жарыстарды тамашалауға мүмкіндік алған.

«Көшпенділердің ойындары мені қатты таң қалдырды. Мен не күтетінімді білмедім. Мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатқан дәстүрлі ойындарды көру мен сезіну өте ғажап. Бізде Еуропада мұндай ештеңе жоқ, сондықтан оны Қазақстанда сезінгенімізге қуаныштымыз», – деді Киеран Шэннон.

Енді шетелдік қонақтар қазақ дәстүрлері туралы көбірек білуге қызығушылық танытуда. Олар вегетариан болғандықтан, ұлттық ет тағамдарын жей алмаған. Әйтсе де, құрт пен жентті ерекше ұнатқан.

Силке мен Киеран 3 жылдан бері саяхаттап келеді және тағы 7 жыл бойы шытырман оқиғаларын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Олар келесі бірнеше айды Қырғызстанда, Өзбекстанда және Түрікменстанда өткізуге ниетті. Одан кейін ерлі-зайыптылар Қытайға барады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<