ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым көрсетті ма – ресми жауап

276

0

Фото: скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметкерінің Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қырғыз көкпаршысына қысым көрсеткенін теріске шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ», – деді мемлекеттік органның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, қазақ пен қырғыз спортшыларының көкпар ойыны кезінде кішігірім дау туындаған болатын. Содан соң әлеуметтік желіде Қазақстанның ҰҚК қызметкері қырғыздың көкпаршысына қысым көрсетті деген ақпарат тарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<