Құнан бәйге: Үш жүйрік жүлделі орындарды бөлісті

84

0

Фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы «Құнан бәйге» жарысында Қазақстанның үш аты жүлделі орыннан көрінді. 

Бұл бәйгеде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен 15-тей құнан бақ сынады. 11 шақырымға созылған дүбірлі додада жеңімпаз болған құнандар:

1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан). 

2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан). 

3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан). 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұшқыр бәйгеден 2 400 метр жеңімпаздары анықталғанын жазған едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<