Бас төреші: «Қырғыз көкпаршыларына ақшалай айыппұл салынады»

101

0

Сурет: vesti.kz

Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды

Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы көкпар спортының айналысда өрбіген әңгімеге қатысты бас төреші Тастанбек Есентаев пікірімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, көкпар ойыны әділ өтті. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік кетпеген.

«Көкпардағы ереже бұзылған сәтті 10 мәрте қарадық. Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы – біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады», – дейді ол.

Бас төреші Қырғызстан көкпаршыларының марапаттау кезінде мерзімінен бұрын кетіп қалғанын мәдениетсіздікке бағалады.

«Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл – мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын», – деді бас төреші.

Айта кетсек, көкпар бәсекесінің финалында Қазақстан құрамасы тартысты кездесуде Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<