Самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегерін қабылдады

327

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев жуырда Монғолия мемлекетінде самбо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленген Оразбай Арайлымды қабылдады. Кездесуде аудан әкімі Арайлымның қандай да бастамаларына қолдау білдіретіндігін айта келе, спорт саңлағына алдағы додаларда сәттілік тіледі.
Кездесу соңында білім мен спортты қатар алып жүрген жас спортшыға  Қ.Әубәкірұлы аудан әкімінің Алғысын және сый-сыяпат табыстады.
Айта кетейік, Арайлым Қазақстанның 3 дүркін дзюдо-самбодан жеңімпазы. 2016 жылы балалар Азия ойындарының қол жүлдегері, 2017 жылы дзюдодан Азияның күміс жүлдегері, 2018 жылы самбодан Азияның күміс жүлдегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<