Мамыр айында ауа температурасы жоғарылайды

306

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдағы мамыр айында Қызылорда облысында ауа температурасының орташа айлық көрсеткіші +21,2+23,1 градус болады деп күтілуде. Тиісінше, бұл нормадан 1 градусқа жоғары.

Сондай-ақ, өңірде мамыр айында жауын-шашып мөлшері аз болып, шаңды дауыл жиі болады деп болжануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова хабарлады.

– Мамыр айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +7+12 градустан +12+17 градусқа дейін болса, күндіз +23+28 градус болады деп болжануда. Ал аймағымыздың оңтүстігінде + 37 градусқа дейін жоғарылайды. Айдың екінші онкүндігінде түнде +5+10 градус, оңтүстік аймақта +13 градус, солтүстік-батыста + 20 градусқа дейін төмендеуі болжанып отыр. Дегенмен, екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы күндіз + 35+40 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақта +43 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде. Осындай ауа райы кезінде барынша сақтық шараларын ұстаған жөн. Өйткені жоғары ауа температурасы адам ағзасына әсер етеді. Ал айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +15+20 градус шамасында болса, күндіз +31+36 градус болады. Оңтүстік аймақта түнде +23 градустан +18 градусқа дейін, күндіз +39 градустан +31 градусқа дейін ауытқуы болжануда. Сондай-ақ, жаңбыр, найзағай бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Ал шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің ортасында болжанады. Жел секундына 15-20 м/с бір ай бойы жиі күтіледі деп болжануда, – деді Айгерім Болатбекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<