Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды

296

0

Сурет: pixabay

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы» 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.

«Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы No 2 қаулысының күші жойылсын», делінген 24 сәуірдегі қаулы мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  • 9 ақпанда құжатта мына жағдайлар қамтылғаны хабарланды:
  • медициналық ұйымдарда мекеме қызметкерлері мен мекемеге келушілердің медициналық бетпердені тағуы, антисептиктердің болуы;

Covid-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе шүберек бетперделерді қолдану ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<