Қазақстан құрамасы футзалдан алғашқы жеңісіне қол жеткізді

349

0

Қазақстанның ерлер құрамасы футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойнап 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Матч Almaty Arena спорт кешенінде көптеген жанкүйерлердің қолдауымен өтті. Ойындағы есеп 18-ші минутта Владислав Черномордовтың әдемі голымен ашылды, ал, екінші таймның 14-ші минутында Арнольд Кнауб есепті 2:0-ге жеткізді.

– Бүгін психологиялық тұрғыдан бізге қиын болды. Қарсыласымызды оңай жеңеміз деп ойладық. Бірақ олар, өте жақсы ойын көрсетіп, физикалық тұрғыдан өздерінің мықты екендігін байқатты. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, бастысы үш ұпай еншімізде, – дейді Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Черномордов.

Бұл кездесудің алдында дәл осы қос құраманың қыздары қызықты ойын көрсетіп жаңкүйерлерге көтерінкі көңіл күй сыйлаған болатын. Алайда, Жаңа Зеландия ойыншылары Қазақстаннан басым түсіп 5:3 есебімен 3 ұпайға ие болды. Біздің құрамнан Алия Садуақасова екі рет, ал, Камал Құдайбергенова бір рет көзге түсті.

– Біз осы ойынды ұтуға тырыстық, деңгейіміз бір болды деп ойлаймын. Бірақ, соңғы минуттарда шаршағандықтан есе жіберіп қойдық. Олар физикалық жағынан мықты екен. Енді Португалиямен ойнаймыз, қиын болатындығы сөзсіз, жеңуге тырысамыз, – деді Қазақстан құрамасының ойыншысы Зулейра Әбішева.

Айта кетер жайт, әлем чемпионаты 26-ші тамыз күні аяқталады. Ойындар Almaty Arena және Halyk Arena мұз кешендерінде өтуде. Оған – 16 ерлер және 9 әйелдер құрамасы қатысуда. Бүгін, Қазақстанның әйелдер құрамасы Португалиямен сағат 16:00-де кездеседі, ал ерлер құрамасы Болгарияға қарсы шығады. Басталуы 20:00-де. Екі кездесуде Almaty Arena-да болады.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<