Аршавин \»Қайраттағы\» соңғы ойынын өткізеді

381

0

Ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин 11 қараша күні «Қайрат» сапындағы соңғы қоштасу ойынына қатысады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.
– Қарағандының «Шахтер» клубына қарсы кездесуде әйгілі футболшы Андрей Аршавин қоштасу ойынына шығады. Алматылық команда сапындағы жарқын ойындары үшін футболшыға клуб пен жанкүйерлер зор алғысын білдіреді, – деп хабарлады.
 Ел премьер-лигасының соңғы турындағы «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы кездесу 11 қараша күні Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Андрей Аршавин «Қайрат» сапында үш маусым ойнады. 100-ден аса ойынға қатысып, 30 гол, 37 нәтижелі пас берді. Клуб сапында екі рет ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. ҚР Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<