Ақылы бөлімге оқуға түсетіндер ҰБТ тапсыруға өтініш беріп жатыр

285

0

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында айтылды.

«Өтініштер 1 және 15 желтоқсан аралығында қабылданады. Тестілеу 15 және 20 қаңтар аралығында өткізіледі» делінген жазбада.

Ал грант тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ны әдеттегідей маусым айында тапсыру керек.

Толық мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтынан біле аласыздар.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<