![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-02/thumbs/1581595350_1_22.jpg)
Осыған дейін үздік категорияларды тек ағылшын тілді туындылар алған еді. Санаулы күндер бұрын өткізілген «Оскар 2020» марапатын Корея халқы өз қоржынына байлады. 2019 жылы түсірілген, комедия жанрындағы бұл фильм біраз жанның психологиясына параллелизм ұялатты. Жанарға күлкі, санаға күдік туғызатын бұл туындының ерекшелігі шындықты шыңғыртып жеткізуі. Расында да Корея елінде бай мен кедей түсінігі өте кең ауқымда таралған. Таптық бөлініс тайға таңба басқандай білініп тұрады. Салтанат құрған зәулім сарайда тұратын байсымақтардың, жертөле паналаған мүсәпірлерге көз алартып, көкірек керуі астыртын жеткізілген. Қоғамда болып жатқан мұндай проблемаларды мінсіз бейнеге айналдырып, әзіл-қалжың ретінде жеткізу ең алдымен режиссер шеберлігі. Халық көзайымына айналған фильмнің психологияға ауыр әсер еткені рас. Сондай-ақ кейіпкерлердің бойынан көрген дүнием олардың шынайылығы. Отбасы бақытын бауырмалдық махаббатқа ұластырып,татулық танытуы. Асқан шеберлікпен түсірілген фильм расында да жеңіске лайық.
Кино әлемінде мән-мағынасыз емес, осындай тың дүниелер көбейсе керемет болар еді.
Айкерім ӘЛІШЕР,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<