Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

773

0

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес,
үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі осы жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Сенім телефондары, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі белгіленді. Олар жергілікті баспасөзде жарияланды.


Бұған қоса, басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр түрлі бағытта, атап айтқанда «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы және тағы басқа тақырыптарда тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізілуде.


Мәселен басқарма басшысының орынбасары Ғ.Баймбетовтың төрағалығымен құқықтық оқыту өтті. Оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорды облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Искаков, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК облыс бойынша филиалының профессоры, департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі А.Мадалиева қатысты. Басқосуда басқарма қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы айтылды.


Мемлекеттік қызметті көрсету барысында және қызмет кезінде жоғарыда аталған заңнаманы сақтамай, құқық бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды. Айта кетейік, осы жылдың 9 қаңтарында басқаманның 2020 жылға арналған құқықтық-техникалық оқу жоспары бекітілді. Осы оқу жоспарына сәйкес басқарма басшысының орынбасарларының төрағалығымен құқықтық оқытулар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.


Бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау кезеңінде басқарма бөлімдері қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық болмағаны анықталды.
Агроөнеркәсіптік кешен саласын субсидиялау аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тұрғындарға қол жетімділігін арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және ашықтығы қамтамасыз ету мақсатында «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның сүйемелдеуімен «Qoldau.kz» бизнеске арналған цифрлық платформасы арқылы субсидиялау және асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бағыты бойынша www.plem.kz селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (САЖ) арқылы толықтай электронды жүйесіне көшіріліп, жұмыстар жүргізілуде. Өз кезегінде бұл мемлекеттік қызмет алушы мен көрсетуші арасында тікелей байланысты азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, жұмыс тиімділігін арттыруға, сонымен қатар қолма-қол қабылданатын құжаттарды азайтуға мүмкіндік береді. Басқарма мен мемлекеттік қызмет алушы арасындағы құжат айналымды мүлдем болдырмауға әкеледі.
Жыл басынан бері біздің басқарма 5439 мемлекеттің қызмет көрсетті. Оның ішінде, электронды түрде – 5439 қызмет көрсетілді, негізді бас тарту саны – 566, негізсіз бас тарту тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласына қатысты барлық ақпараттар жариялығы мен халыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет порталында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-auyl?lang=kk) орналастырылған.
Сондай-ақ, осы мерзім ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.


Азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау, оның ішінде аталған іс-шаралар бойынша алдын ала бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісінде аңдатпа беру арқылы халықпен кездесулерді өткізу мақсатында басқарма басшысының және орынбасарларының қабылдау кестесі басқарманың ресми-интернет ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады (мәселен, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2020 жылғы 18 қаңтардағы №7-8 санды шығарылымына жарияланды).
Сонымен қатар, облыс әкімінің бекіткен облыстық басқарма басшыларының «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бөлмесінде 2020 жылға жоспарланған қоғамдық қабылдауының кестесіне сәйкес, тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттың қолжетімділігі, ауылшаруашылығы мәселесі мен басқа да ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдау өткізу жоспарланған.


Осы ретте, 2020 жылдың І-ші және ІІ-ші тоқсанында басқарма басшысы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бөлмесінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау өткізіп, елімізде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан басқарма басшысы айына бір рет басқарманың ресми фэйсбук желісіне онлайн интернет-конференциялар өткізді.


Президенттің халыққа арнаған Жолдауы аясында берілген тапсырмаларды орындау барысы туралы басқарма басшысы Ш.Қойшыбаев «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпараттық алаңында БАҚ өкілдерімен кездесіп, тікелей сұхбат берді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Қызылорда қаласында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жөнінде интернет-конфереция өткізді. Бұған қоса, басқарма басшысы аталған мәселе бойынша облыстық телеарнаның «Өзекжарды» бағдарламасына шықты.
Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер бойынша үнемі басқарманың ресми фэйсбук желісіне онлайн интернет-конференция өткізіп тұрады.


Басқармада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ және алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.


Ғ.БАЙМБЕТОВ,

басқарма басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<