Әр мемлекеттің туы болады. Мемлекет дейміз-ау, ол тіпті кейбір қалалардың, жекелеген ұйымдардың өзінде бар. Осы орайда ту туралы сіз бен біз біле бермейтін бірен-саран деректі назарға ұсынбақпыз.
* Туды зерттейтін ғылымды «вексиллология» деп атайды.
* Соғыс кезінде Филиппин өзінің мемлекеттік символын төңкеріп қояды.
* Бүкіл мемлекеттік ту тіктөртбұрыш пішінді. Соның арасында Непальдікі ғана ерекше – екі үшбұрыштың қосындысынан тұрады.
* Данияның қызыл және ақ түсті крестермен айшықталған мемлекеттік туы әлемдегі әлі күнге дейін қолданылып жүрген ең ежелгі ту саналады.
* Челябинскте Ойсыл қара тұқымы мүлде кездеспесе де туында түйенің бейнеленуі қызық. Неге? Өйткені ХІХ ғасырда керуен жолының саудасы қала кірісінің басты көзі болған. Сондықтан халық осы үй жануарын қадір тұтқан.
* Австрия мен Литваның мемлекеттік рәміздері ұқсас. Айырмашылығы түсінде ғана. Дәл осындай жағдай бір кездері Монако мен Индонезия арасында кикілжің туғызған болатын.
* Қаралы күнде көптеген мемлекеттің туы төмен түсірілетіні белгілі. Алайда, мұның Сауд Арабиясына қатысы жоқ.
* Халықаралық құқық бойынша ақ ту бейбіт келіссөз символы саналады. Оны алып жүруші адамға қарата от шашу қылмыспен тең.
* Филиппин байрағындағы түстер соғыс кезінде бір-бірімен ауысып тұрады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<