Қырғызстанда жүк көлігі 29 оқушыны қағып кетті

659

0

Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанда ашық аспан астында «Манас» жырын айтып тұрған 29 оқушыны балмұздақ сататын фургон қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушылардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

24.kg мәліметінше, қайғылы оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Жасөспірімдер «Манас» жырынан үзінді оқып тұрған. Іс-шара барысында «Портер» жүк көлігі төмен сырғып кетіп, балаларды қағып кеткен.

Апат салдарынан орта мектептің 9 бен 16 жас аралығындағы 29 оқушысы әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуінің жағдайы ауыр деген ақпарат бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<