Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтегі жағдайын жақсартты

819

0

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде жағдайын жақсартты.

Ол жақында Алматы қаласында MTK Kazakhstan ұйымдастыруымен өткен бокс кешінде өзбекстандық Фаррух Джураевтан (6-6-1, 2 КО) басым түскен еді.  Бұл  жекпе-жекте Қамшыбек қарсыласын екінші раундта сүріндірді. Аталған жеңістен кейін ол BoxRec рейтингінде бірінші ауыр салмақта екі сатыға жоғарылады. Нәтижесінде 53-орыннан 51-орынға көтерілді.

Айта кетсек, алғашқыда Қамшыбек Қоңқабаев оңтүстікафрикалық Джонни Миллермен (23-9-2, 14 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған еді. Қарсыласы алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Әлем чемпионатына жолдама алды

Канада футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған құрамалар қатарына қосылды.

Канадалық футболшылар өз алаңында Ямайканы 4:0 есебімен тізе бүктіріп, 36 жылдан кейін дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Олар бұдан бұрын 1986 жылғы мундиальда бақ сынап, өз тобында төртінші орынды місе тұтқан еді. Солтүстік Америкадан дүбірлі додаға берілетін тағы екі жолдамаға АҚШ, Мексика және Коста-Рика құрамалары үміткер. Соңғы тур ойындары 31 наурызға белгіленген.

Еске салсақ, осыған дейін Әлем чемпионатына 19 құрама жолдама алып үлгерген еді. Олардың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия,  Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы құрамалары шыққан болатын.

Сондай-ақ Африка, Солтүстік Америка және мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирлері жалғасуда. Ал Еуропада тағы үш жолдама үшін өтпелі кезең ойындары өткізілуде.

Әлем чемпионаты 21 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<