21 наурыз – «Ынтымақ күні»

224

0

Фото: Облыс әкімдігі

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды.
Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан, бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ.

«Ынтымақ күні» облыс көлемінде ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 21 наурыз күні қала және аудандардағы барлық ауылдық округтерде «Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні», «Қош келдің, Әз – Наурыз» мерекелік шаралары өткізіліп, өнерпаздар көрермендерге ән мен жырдан сыбаға береді.

Шетелдерде білім алып жатқан мектеп және колледж түлектері мерекелік бейне құттықтауларын әлеуметтік желілерде жолдайды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Тараз көшесінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Армысың, Әз-Наурыз» атты гала концерт өтеді.

Күн мен түннің теңелер шағында көзі қарақты көрермен осындай шаралардың куәсі болмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<