Мемлекеттен жеке және заңды тұлғаның пайдасына өндіру

155

0

Сот орындаушыға атқару құжаты орындауға түскеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды  немесе бас тартады, ол туралы қаулы шығарады.

Мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.

Ал, құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушалырының мәртебесі туралы» Заңының 138-бабы, 1-тармағына сәйкес (әрі қарай – Заң),  мемлекеттік сот орындаушы төмендегідей:                 

1) мемлекеттен өндіріп алу;

2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;

4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды орындауға қабылдайды. Яғни  жеке және заңды тұлғалардың пайдасына мемлекеттен өндіру санатындағы атқарушылық құжатты орындауды жүзеге асырады.

Атқарушылық құжаттың талабын орындау мақсатында осы Заңның 32 және 126 бабында көрсетілген мәжбүрлеп орындау шараларын қолданады. Атап айтқанда, борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы мүлкiне тыйым салу, борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға, атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге және т.б.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушалырының мәртебесі туралы» Заңының 124-бабына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының он пайызы мөлшерiнде немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады. Алайда борышкер мемлекет болып табылса, өндірілмейді.

Борышкер атқарушылық құжатты орындамағаны үшiн әкiмшiлiк не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.

Сондай-ақ, өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым сотқа Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берiледi.

М.Ермекбаев,

Қызылорда облысы Әділет

департаментінің мемлекеттік

сот орындаушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<