Қызылорда қаласында жастар мен тұрғындар арасында есірткі таралуының алдын алуға бағытталған кең көлемді акция өткізілді. Іс-шараны Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты бірлестігі тартыла ұйымдастырылды.
Акция барысында қала аумағындағы ғимараттардың қабырғаларына, қоршауларға және қоғамдық орындарға жазылған есірткі сататын интернет-дүкендердің мекен-жайлары бар граффити жазулары боялып, жойылды. Мұндай заңсыз жазбалар жастарды есірткі қылмысына тартудың және тыйым салынған заттарды интернет арқылы таратудың бір тәсілі болып табылады.
Сонымен қатар, акция аясында, қала тұрғындарына есірткіге қарсы бағыттағы ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратылды. Еріктілер мен полиция қызметкерлері тұрғындарға есірткінің зияны, есірткі бизнесіне қатысқаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ есірткі жарнамаларын байқаса, тиісті органдарға хабарлау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоғамда есірткіге қарсы теріс көзқарасты қалыптастыруға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткі заттарға байланысты қылмысқа қарсы күресте күш біріктіруге ықпал етеді.
Қала аумағындағы есірткі жарнамаларын анықтау және жою жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.






