Әскери борышын өтейді

241

0

Сурет ашық дереккөзден

Биылғы 1 наурыз бен 30 маусым аралығында 18-27 жастағы 850-ге жуық Сыр елінің азаматы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылуда. Олар еліміздің Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында қызметін өтейді.

Сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие төлемін 1 жылға тоқтатуға, Ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар. Жас сарбаздар әскери борышын ҰҚК Шекара кызметінде, Қарулы Күштер қатарында, ІІМ Ұлттық ұланы мен Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдерде және Мемлекеттік Күзет қызметінде өтейтін болады.

Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар аттануда.

Диана Ергешбай,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<