Алтын ұрлап оны жерге жасырған

812

0

Қызылордада​ ​ ломбардқа ұрлыққа түскен кезекті қылмыстық топ құрықталды. Айғақ заттар тәркіленді. Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде​ белгісіз адамдар тобы​ қала орталығында орналасқан ломбардтардың біріне ұрлыққа түсккен.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел–іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа күдіктелген екі ​ қала тұрғыны құрықталды. Айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар, оның ішінде 125 дана алтын ​ сақина, 22 дана алтын алқа, 7 дана алтын білезік, 3 алтын сағат,​ 1 дана ​ үлкейткіш әйнек​ және ноутбук​ тәркіленді.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық ​ ​ кодексінің​ 188 – бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.​ Оқиғаның басқа да мән – жайлары анықталуда.   

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<